top of page

Балабақшаның мақсаты

1.Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыруда күні бойы кіріктірілген түрде немесе жеке балалардың түрлі әрекеттері арқылы ойын түрінде ұйымдастыру.

2.Театр үйірмесі арқылы балалардң шығармашылық дағдыларын  дамыту.

3.Ойын түрлерін тәрбиелеу-білім беру процесінде кеңінен қолдану.

Балабақшаның негізгі мiндеттері:

 

1) мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;

2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

3) сапалы мектепалды даярлауды қамтамасыз ету;

4) азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқығы мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара ықпалдастық;

6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

1

Біз туралы

Қызылорда қаласы, Т.Айбергенов 2 мекен-жайында орналасқан «Жеті қазына» жеке бөбекжай балабақшасы 15 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді. Балабақшамыз 215 балаға арналған.  9 тобы бар типтік жобада салынған. Топтардың іші кең. Ойын, жатын бөлмелері стандарт талабына сай жабдықталған.   

2

Бағдарлама

Балабақша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  үлгілік оқу бағдарламасы аясында жұмыс жасайды. Педагогтар өздерінің іс-тәжірибесінде “Step by step” технологиясын,
“Денсаулық сақтау” технологиясын,
ТРИЗ технологиясын,
Ойын технологиясын,
Зерттеу іс-әрекетін, заманауи және дүртүрлі театр түрлерін, сонымен қатар, түрліше инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданады.

3

Педагогтар

Жалпы саны: 23
Жоғары білімді: 19
Арнаулы орта білімді: 4

меңгеруші, әдіскер, медбике, логопед, педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, хореограф, музыка жетекшісі, ағылшын тілі, шахмат, қолөнер, театр, дәстүрден тыс бейнелеу өнері үйірмелерінің жетекшілері жұмыс жасайды.

bottom of page