top of page

Біз туралы

 

          Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Арай мөлтек ауданы, Төлеген Айбергенов көшесі, №2 үй мекен-жайында орналасқан «Жеті Қазына» жеке бөбекжай балабақшасы мекемесі 15 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді. Балабақшамыздың жоба қуаттылығы 215 орындық. Қазіргі таңда   9 топ бар, онда 215 бала тәрбиеленуде. Топтардың іші кең. Ойын, жатын бөлмелері стандарт талабына сай жабдықталған.

      Балабақша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  үлгілік оқу бағдарламасы аясында жұмыс жасайды. Топтарда тәрбиешілердің ұйымдастыруымен күнделікті іс-әрекет қажетті көрнекіліктерді пайдалана отырып жүргізіледі. Сонымен қатар балалардың қызығушылықтарын арттыратын  арнайы ойыншықтармен жасақталған ойын бөлмесі де бар. Ойын бөлмесінде балалар бос уақыттарында түрлі ойыншықтармен ойнайды. 

     Балабақшада қалалық, облыстық, республикалық түрлі іс-шаралар, семинарлар ұйымдастырылуда. Бүлдіршіндеріміз республикалық, облыстық, қалалық түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді. 

  Балабақшада білікті мамандар жұмыс жасайды. Атап айтсақ, меңгеруші, әдіскер, медбике, логопед, педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, хореограф, музыка жетекшісі, ағылшын тілі, шахмат, қолөнер, театр, дәстүрден тыс бейнелеу өнері үйірмелерінің жетекшілері бар.

WhatsApp Image 2023-11-25 at 20.40.49.jpeg
Рисунок1.jpg
123.png
bottom of page